Баянауылда құсбегіліктен республикалық турнир өтеді

Баянауылда құсбегіліктен республикалық турнир өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодар облысында елдің үздік саятшылары жиналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

3-6 қараша күндері Баянауыл ауданында аңшы, саятшы Мәуия Әбікейұлының 125 жылдығына арналған «Құсбегілік» ұлттық спорт түрінен республикалық турнир өтеді.

Спорт және туризм министрлігі, Ұлттық Құсбегілік федерациясы, облыстық спорт және туризм басқармасының, Павлодар облыстық мәслихатының, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалық, Аққулы, Ақтоғай, Успен, Шарбақты, Железин, Тереңкөл, Баянауыл, Павлодар, Ертіс, Май аудандық мәслихаттарының және облыстық спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылатын шараға республиканың түкпір-түкпірінен қатысушылар келеді деп күтілуде.