Павлодар жастарын кинокешке шақыруда

Павлодар жастарын кинокешке шақыруда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кіру тегін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, кинокеш 5 қыркүйек күні сағат 17:00-де басталады. 

14-35 жас аралығындағы барлық киносүйер қауымды жайлы атмосферада кеш өткізуге шақырамыз. Мұнда сіз қызықты фильм көріп, жаңа адамдармен таныса аласыз. Бұл – демалу, шабыт алу және жаңа таныстықтар орнату үшін тамаша мүмкіндік! – деді ұйымдастырушылар.

Іс-шара Ломов көшесі, 38 мекенжайы бойынша өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (705) 738-29-09 (Айгерім) телефон нөміріне қоңырау шалуға болады.