Павлодарда термометрлердің бағандары 20 градусқа дейін көтеріледі

Павлодарда термометрлердің бағандары 20 градусқа дейін көтеріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жел негізінен оңтүстік жақтан болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, өңірде сәуір айы қар аралас жаңбырдан басталады.

1 сәуірде облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде температура +1...+6, күндіз +7... +12 градус. Жел – оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай, найзағай кезінде оның жылдамдығы секундына 18 метрге жетуі мүмкін.

2 сәуірде синоптиктер оңтүстікте және шығыста аздап жаңбыр жауады деп, солтүстігінде тұман болады деп болжайды. Түнгі температура +1...+6, күндізгі +10... +15 градус. Желдің жылдамдылығы – секундына 9-14 метр.

3 сәуір жауын-шашынсыз өтеді. Түнде 0... +5, күндіз + 12...+17 градус болады. Күндіз облыстың солтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін жел екпіндер болуы мүмкін.

4 сәуір күні де күн ашық болады. Термометр бағандары түнде +2...+7 және күндіз +17... +22 градусты көрсетеді. 

5 сәуірде аймақтың көп бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз + 8...+13, түнде + 15...+20 градус күтіледі. Оңтүстік бағыттағы жел секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.

6 сәуірде облыстың солтүстігі мен шығысында түнде аздап жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз температура +1...+6 дейін, түнде +10 до+15 градусқа дейін төмендейді. Жел бағытты батысқа ауыстырады және секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.