Павлодар облысында сот өкілдері табысын жасырған
Заңбұзушылықты өңірлік прокуратура анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қадағалау органы соттардағы өкілдердің – заң кеңесшілерінің салық міндеттемелерін орындауын талдады.
– Талдау барысында декларация тапсыру кезінде олардың барлық табысын көрсетпейтіні және жеке табыс салығын толық көлемде есептеп, төлемейтіні анықталды, – деп хабарлады облыстық прокуратурада. – Осыған байланысты заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне енгізілді.
Камералдық бақылау нәтижесінде бюджетке 1,9 миллион теңге салық түсті.