Павлодарда тазалық пен абаттандыру айы басталды

Павлодарда тазалық пен абаттандыру айы басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сенбіліктер кезеңінде полигон аумағында қоқысты тегін қабылдау ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 31 наурыздан бастап Павлодарда тазалық пен абаттандыру айы өтеді.

– Барлық кәсіпорындарды, бизнес нысандарын және бей-жай қарамайтын тұрғындарды қаланы жаппай тазалау жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамыз, – деді қалалық әкімдікте. 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі қоқыс шығаруға арналған техниканы ұйымдастырады. Өтінімдерді келесі телефондар арқылы беруге болады: 322252, 8 775 862 1684 (WhatsApp), 109 қызметі.

Сондай-ақ, полигон аумағында қоқыс тегін қабылданады.