Павлодарда жатақханадан 100-ден астам адам «эвакуацияланды» (ВИДЕО)
Назарбаев Зияткерлік мектебінің ғимаратында өртті сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша түнгі өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл нысан аса маңызды және өрт қауіпті объектілердің кеңейтілген тізбесіне енгізілген. Оқу-жаттығудың мақсаты өрт кезінде адамдарды эвакуациялау тәртібін, көтергіш механизмдерді орнату тәсілдерін, бөлімшелердің жеке құрамын, өрт сөндіру құралдарын биіктікке көтеруді жаттықтыру, сондай-ақ өртті жою бойынша объект қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтау болды.
– Тактикалық жоспар бойынша шартты өрт «И» корпусы – жатақхананың бірінші қабатындағы тұрмыстық үй-жайда болған. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ғимарат әкімшілігі 100-ден астам адамды өз бетінше эвакуациялады. Әкімшіліктің айтуынша, жатақханада әлі үш адам қалған. Өрт сөндірушілер екі зардап шегушіні құтқару қалпақтарының көмегімен таза ауаға эвакуациялады және екінші қабаттан бір адам пневматикалық секіру құтқару құрылғысы ППСУ-20 көмегімен құтқарылды, – дейді департаментте.
Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері бекеттерді қойып, жұмысшы жеңдік желілер тартылды, газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары адамдарды түтін басқан аймақтан құтқарды.
Оқу-жаттығуға Қарағанды облысы ТЖ департаментінің жеке құрамынан 30 адам техника жұмылдырылды.
Айта кетерлік – жаңашылдық бұл жолы оқу-жаттығулар КҚЖБО-қа ақпаратты сапалы беру үшін Zoom арқылы онлайн режимінде таратылды.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуды өткізу барысында қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram