Павлодарда ЖЭО-1-дің жылу беру маусымына дайындығы айтылды

Павлодарда ЖЭО-1-дің жылу беру маусымына дайындығы айтылды
Фото: Айбек Жұматов

Облыс орталығының оңтүстік бөлігін, яғни қаланың тұрғын үй қорының 40 пайызын «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалының ЖЭО-1 жылытады. Жылу электр станциясының ағымдағы жылыту маусымына дайындық ерекшеліктері туралы @Pavlodarnews.kz тілшісіне операциялық директор, бас инженер Дулат Сыздықов айтып берді.

Спикердің айтуынша, қала тұрғындарының пәтерлеріне жылу үздіксіз берілуі үшін ЖЭО-1-де ағымдағы жөндеу тұрақты және сапалы жүргізілуде. Станцияның әрбір жұмыс учаскесі тексерілді. Дулат Сыздықовтың сөзінше, электр станциясы теміржолдан басталады. ЖЭО-1-ге көмір теміржол жолдары арқылы «Шығыс» көмір разрезінен түседі.

Жылу электр орталығында көмірді қабылдау және түсіру үшін вагон аударғыштар жұмыс істейді. Олар көмірді 170 мың тоннаға есептелген қоймаға түсіреді, оған 10 күнге төмендетілмейтін қор да кіреді.  Айта кету керек, күніне орта есеппен 7,5-9,5 тонна қолданылады.

– Өткен жылы да біз көмір қорын 170 мыңнан 200 мың тоннаға дейін ұлғайттық – бұл көмір жеткізілмей қалу қаупін азайтады, –  дейді Дулат Сыздықов. – Технологиялық схема бойынша көмір «дөңгелектерден» қазандық цехына түседі. Қоймадағы қорлар қажет болған жағдайда жаңартылады. Жылыту маусымының соңында 70-100 мың тонна қалды. Сондай-ақ, біз қыс мезгіліне 800-1300 тонна жағатын мазут қорын сақтаймыз.

ЖЭО-1-де сегіз қазандық бар. Жылыту маусымында жетеуі іске қосылды. Оның біреуі – резервте. 2024 жылы №2 қазандық күрделі жөндеуден өтті. Ағымдағы кеңейтілген жөндеу жұмыстары №4 қазандықта жүргізілуде. 

–  Жылу станциясы жыл мезгіліне байланысты бірінші кезекте қалалық жылу тұтынуды және Алюминий зауытын қамтамасыз етеді. Әдетте жылу беру маусымында ЖЭО-ның жеті қазандығы жұмыс істейді, сегізінші – резервтік қазандық. Ал қатты аязда сегіз қазандықта іске қосылады. Резерв міндетті түрде болуы керек, – дейді спикер.

Ол қазандық турбиналық цехтың жұмыс технологиясын айтып берді: қазандықтардан бу турбиналық цехқа беріледі, мұнда Орал машина жасау зауытының алты турбинасы орнатылған.

Жыл сайын ЖЭО-1-де екі қазандық пен екі турбинаға ағымдағы, орташа немесе күрделі жөндеу жүргізіледі, өйткені жеке бөліктер бар. Мысалы, белгілі бір сағат жұмыс істегеннен кейін тексерілуі керек құбырлар болады.

Сонымен қатар, биылғы жылы жүргізілген күрделі жөндеу жабдықтың тозуын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарында белгіленген өлшемдерге сәйкес келеді.

Негізгі жабдық жөндеу түріне байланысты бір айдан үш айға дейін жөнделеді.

Биыл қазандық паркінің тиімділігін арттыру үшін №8 қазандық қондырғысын қажетті қайта құру жүргізілді. Бұл өз кезегінде жылу энергиясын қосымша өндіруге мүмкіндік береді (оны қалалық массивтің тұтынуы артып келеді).

Экологиялық нормалар бойынша өткен жылы шетелдік өндірістің №6 қазандығының күлтұтқы қондырғылары қайта жаңартылып, олардың жұмысының тиімділігіне қол жеткізілді. 2027 жылдан бастап қалған қазандықтарда күлтұтқы қондырғыларын жаңғырту жоспарлануда.