Павлодарда жеті автобус бағытына уақытша өзгерістер енгізілді

Павлодарда жеті автобус бағытына уақытша өзгерістер енгізілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 31 мамырдан бастап жылумен жабдықтау желілерін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуына байланысты Толстой – Ломов көшелерінің шекарасындағы Қамзин көшесі бойынша қозғалыс шектеледі. Қамзин көшесінің өтпелі болуы үшін Қамзин – Циолковский көшелерінің қиылысы ашық тұрады. Осыған байланысты № 2, 9, 11, 27, 52, 55, 66 автобус маршруттарының қозғалыс схемаларына өзгерістер енгізіледі.

№ 2, 9, 52, 55 автобус маршруттары осы учаскені Ломов – Ворушин –Циолковский – Кіші айналма – Толстой – Қамзин көшелері бойынша екі бағытта да айналып өтетін болады («Batyr mall»-ға кірмейді).

№ 11, 126 автобус маршруттары осы учаскені Толстой көшесінен «Batyr mall»-ға кіріп, дәл сол бағытта айналып өтеді.

№ 27 автобус бағыт Ломов көшесі – Н. Назарбаев даңғылы арқылы екі бағытта да жүреді.

№ 66 автобус бағыты Ак. Шөкин көшесі – Н. Назарбаев даңғылы бойынша, Толстой көшесі мен Қамзин көшесіне кірмей екі бағытта да  жүретін болады.