Павлодарда автокөлік аялдамаға соғылды
ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 мамырда сағат 15:20 шамасында Аймауытов – Павлов көшелерінің қиылысында «Mercedes-Benz» 220 маркалы автокөлігінің жүргізушісі темір тұлпардың тізгініне ие бола алмай, автобус аялдамасына соғылған. Соққыдан кейін қозғалысты жалғастыра отырып, Павлов көшесі, 5 мекенжайы бойынша орналасқан үйге соғылды.
Тексеру жүргізілуде, автокөлік айып тұрағына қойылды.