Павлодарлық құтқарушылар жас жігітті ағаштан түсірді

Мысықты құтқармақ болған бозбала өзі биіктен түсе алмай қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жігіт ағаш басында қалып қойған мысықты көріп, оны түсіру үшін жоғары көтерілген. Ол жануарды арнайы сөмкеге салғанымен, қауіпсіз түсу мүмкін болмай, куәгерлерден 112 нөміріне қоңырау шалуды сұраған.
Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері үш иінді баспалдақтың көмегімен 2003 жылы туған ер адамды мысығымен бірге жерге аман-есен түсірді. Операция барысында ешкім зардап шеккен жоқ.