Павлодарлық еріктілер әйелге Ресейге көшуге көмектесті
Жомарт жандар 15 минут ішінде керекті ақша сомасын жинап үлгерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Таңертең бір әйел «VITA» іздеу тобының базасына қоңырау шалып, көмек сұрады. Онкологиялық дертке шалдыққан Тоғжан Ресейдегі анасына апаруды өтінді. Бұған дейін ол азық-түлік тапшылығына орай көмек сұрап хабарласқан болатын.
Еріктілер келгенде, әйелдің іші ауырып, қиналып жатқанын көрген. Олардың айтуынша, Тоғжанның мүгедектік дәрежесі белгіленбеген, ешқандай жәрдемақы да алмайды. Оның жеке гигиеналық құралдары немесе ауруды басатын дәрілері жоқ.
– Ол Ресейдің Покровка ауылындағы анасына апаруымызды сұрады. Бірден жинақ аштық, ол 15 минутта жабылды. Тоғжанға керектің бәрін сатып алып, жолға шықтық, – деді «VITA» тобының қызметкері Екатерина Кудрявцева.
Тоғжан Ресейге кіші ұлымен бармақ болатын. Бірақ жолда бір қиындық тап болды - Тоғжанға қарыздарына байланысты саяхаттауға тыйым салынған. «VITA» қызметкерлері оның барлық қарыздарын жабуға уәде берді.
– Жол бойы біздің жағдайды түсінетін мейірімді адамдар қоршап, барлық жерде кезексіз өткізіп жіберуге мүмкіндік берді, – деді Екатерина Кудрявцева. – Тоғжанды ауылға әкелгенде, ол туған жерін танымай қалды. Оның ұлы дұрыс мекенжайды көрсеткеннен кейін Тоғжан анасымен танысып, Ресейде қалды.
«VITA» қызметкерлерінің айтуынша, Тоғжанның 15 және 17 жастағы кәмелетке толмаған екі ұлы бар. Үлкен баласы Павлодарда әкесімен қалды.
Жинақ жабылған соң павлодарлықтар тағы 300 мың теңге салды. Осы ақша Тоғжанның қарыздарын жабуға жұмсалады.