Павлодарлық оқушылар үш ай радиода қазақ тілін үйренді

Павлодарлық оқушылар үш ай радиода қазақ тілін үйренді

Жас ұрпақты қазақ тілінде сөйлеуге үйрету үшін Halyk radiosy толқынында «Қазақша үйренейік» мектебі жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, бұл мектеп қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, әдет-ғұрыптарын, күнделікті өмірде қолданылатын сөздерді үйретеді.

– 2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Halyk radiosy-мен бірлесіп, «Қазақша сөйлеуді үйрену» сабақтарын өткізді. Байқауға үш ай бойы қаланың  № 26, 36, Ш. Шөкин атындағы мектеп-гимназия, Қ.Мақпалеев, М.Әлімбаев атындағы, С.Торайғыров атындағы, М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 7-8-сынып оқушылары қатысты, – дейді білім беру бөлімінде. 

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді үйрену, қазақ тілін оқитын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау. 

Конкурс қорытындысы бойынша қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

№ 36 мектептің 8-сынып оқушылары Ясмин Серік, Амелия Дайырбаева І дәрежелі дипломмен марапатталды.

№ 26 (2), М. Әуезов атындағы (2) мектеп оқушылары II дәрежелі дипломдарға, Қ.Мақпалеев атындағы мектеп (2), Ш. Шөкин атындағы мектеп-гимназия (2), С.Торайғыров атындағы мектеп (2) оқушылары ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.