Жетекші ауылында жаңа мәдениет үйінің құрылысы қашан аяқталады?

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков Жетекші ауылында есеп беру кездесуін өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жиын барысында елді мекенде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылды.
– Облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен биыл ауылда жаңа Мәдениет үйінің құрылысы аяқталады. Бұл – ауыл тарихында алғаш рет заманауи шығармашылық және демалыс кеңістігінің пайда болуы болмақ. Сондай-ақ ұзындығы 3 шақырым болатын электр беру желісінің күрделі жөндеуі басталды. Бұл желілерде соңғы 40 жылдан бері жаңарту жұмыстары жүргізілмеген. Автокөлік жолдарының төрт учаскесінде күрделі жөндеу аяқталды. Соның нәтижесінде асфальтталған жолдардың үлесі 78 пайыздан 91 пайызға дейін артты, – делінген хабарламада.
Кездесу барысында тұрғындар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Олардың қатарында ауылішілік жолдар, су құбырлары, балалар алаңқайларының жетіспеушілігі, қар тазалау және жол қауіпсіздігі секілді сұрақтар бар. Әкім әрбір өтініш бойынша түсініктеме беріп, бірқатар мәселелердің шешімі келесі жылға жоспарланғанын айтты.
Барлық өтініштер бақылауға алынды. Көтерілген сұрақтардың басым бөлігі алдағы уақытта шешімін табады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram