Павлодарда соскоб балалар үшін тегін – емхана түсініктеме берді

Павлодарда соскоб балалар үшін тегін – емхана түсініктеме берді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мұндай талдау тек медициналық көрсеткіштер бойынша тағайындалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық №3 емханасының басшысы Алмас Кажинов балаларға перианальды соскобты (гельминт жұмыртқаларына талдау) ақылы немесе тегін жасауға қатысты туындаған жағдайға түсініктеме берді. Себебі аталмыш емханада медбике ата-аналарға зертханалық талдауға жолдама бермей, енді бұл ақылы екенін жеткізген. Анықтай келе, медқызметкер Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысын дұрыс түсінбегені белгілі болды. 

– Гельминт жұмыртқаларына арналған зертханалық талдау тек медициналық көрсеткіштер бойынша тағайындалады және біздің кішкентай пациенттеріміз үшін тегін жүргізіледі. Балаларды балабақшаларға, лагерьлерге немесе секцияларға қабылдау кезінде мұндай тексеруден өтудің қажеті жоқ. Бұл жағдайда гельминттерге арналған нәжіс талдауы жеткілікті. Ол емханаларда тегін зерттеледі, – деп нақтылады емхана басшысы.

Оның айтуынша, нәжіс талдауы сенімді нәтиже береді. Яғни, қорытындылары дәрігердің қолымен бекітіледі және QR-кодпен бірге беріледі. Бұл ұйымдарға оның шынайылығын тексеруге мүмкіндік береді.

Алмас Кажинов емхананың мемлекеттік екенін және мемлекеттік қызметтерді балаларға тегін көрсететінін еске салды. Егер қандай да бір тексеру ақылы болатын болса, бұл туралы ата-аналарға алдын ала хабарланады.

– Нәжіс талдауы – мектепке дейінгі және басқа да ұйымдарға ұсынуға сенімді әдіс. Егер қандай да бір ұйымдарда сұрақтар туындаса, біз оларға Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нормативтік құжаттардың талаптарын түсіндіруге дайынбыз, – деп атап өтті ол.

Айта кетейік, Қазақстанда балаларға перианальды соскоб (гельминт жұмыртқаларына талдау) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және МӘМС жүйесі аясында тегін жүргізіледі. Бұл ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген.

Егер балаға медициналық көрсеткіштер бойынша соскоб қажет болса, ата-аналар баланың тіркелген емханасына барып, дәрігерден жолдама алуы тиіс.