Павлодарлық жеке кәсіпкерлер МӘМС-ке қанша төлейді?
Медициналық сақтандыру қоры жиі қойылатын сегіз сұраққа жауап берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
№1 сұрақ: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін ЖК өз пайдасына қанша төлейді?
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын азаматтар басқа әлеуметтік аударымдармен қатар МӘМС-ке тіркелген жарналар төлейді. 2024 жылы төлеушілердің осы санаты үшін жарналардың мөлшері ең төменгі жалақы мөлшерінің 1,4 еселенген мөлшерінің 5% немесе ай сайын 5 950 теңгені құрады.
– Өзіңіз үшін МӘМС-ке төлемді ЖК ретінде екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі арқылы, оның ішінде мобильді қосымшалар арқылы, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары Касса 24 және Qiwi әмиян арқылы аударуға болады. Төлем мақсатының коды – 122. Төлемді ай сайын да, ұзақ мерзімге алдын-ала да төлеуге болады. 2-3 жұмыс күні ішінде ақшаны қайтаруды тексеріңіз. Егер ЖСН немесе ТАӘ дұрыс көрсетілмесе, төлем сомасы немесе аударым базасы 10 ЕТЖ-дан асып кетсе, жарналар қайтарылуы мүмкін, – деп ескертеді міндетті медициналық сақтандыру қорының баспасөз орталығы.
№2 сұрақ: ЖК жұмыс беруші ретінде МӘМС-ке қанша төлейді?
Егер ЖК-де жалдамалы жұмысшылар болса, онда олар жұмыскерлердің жалақысының 3%-ы мөлшерінде, бірақ жұмыс беруші ретінде 25 500 мың теңгеден аспайтын аударымдар; жұмыскерлердің табысы есебінен жұмыскерлердің жалақы деңгейінің 2% мөлшерінде, бірақ 17 мың теңгеден аспайтын жарналар төлеуге жауапты.
– Мысалы, қызметкерге бір айда 100 000 теңге сомасында жалақы есептелсе, қызметкердің жарналарының сомасы 2 мың теңгені құрайды, ал жұмыс беруші аударымдарды өзінен 3 мың теңге мөлшерінде аударады. МӘМС-тің сомасы қызметкердің жалақысына байланысты, – делінген хабарламада.
ЖК қызметкерлері үшін МӘМС төлемін банктің кез келген бөлімшесі, оның ішінде мобильді қосымшалар және «Қазпошта» АҚ арқылы аударуға болады. Төлем мақсатының коды – 121.
№3 сұрақ: ЖК азаматтардың жеңілдікті санатына кірсе, МӘМС төлеу қажет пе?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрғандарды немесе белсенді емес деп танылғандарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер «МӘМС туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес төлейді.
Жеке кәсіпкер, егер өзі немесе оның жалдамалы жұмыскерлері 18 жасқа дейінгі бала; зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері; мүгедектігі бар адамдар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын адамдар болса, жарналар мен аударымдарды төлемейді.
№4 сұрақ: декреттік демалыстағы әйел жеке кәсіпкер болса, міндетті медициналық сақтандыруды төлеуі керек пе?
«МӘМС туралы» Заңға сәйкес мемлекет жұмыс істемейтін тұлғалар үшін МӘМС жарналарын төлейді. Егер жүкті әйел еш жерде жұмыс істемесе, бірақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса (және оның қызметі ресми түрде тоқтатылмаған), ол барлық тиісті төлемдерді (зейнетақы, әлеуметтік, табыс салығы) төлейтіндіктен, ол қазірдің өзінде жұмыс істейді деп саналады. Яғни, ол жеңілдік санатынан айырылып, мемлекет ол үшін жарна төлей алмайды. Сақтандырылған тұлға мәртебесін сақтау үшін ЖК үшін МӘМС жарналарын төлеу қажет.
№5 сұрақ: егер жеке кәсіпкер зейнеткер немесе мүгедек болса, ол медициналық сақтандыру жарнасын төлеуі керек пе?
Мүгедектігі бар адамдар МӘМС жарналарын төлеуден, оның ішінде ЖК ретінде толығымен босатылған азаматтардың жеңілдетілген санатына жатады.
№6 сұрақ: жұмысшы болып табылатын жеке кәсіпкер МӘМС-ке жарна төлей ме?
Бұл ретте, «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Заңның 28-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес төлеуші қызметкер ретіндегі жалақысының 2%-ын, ал ЖК ретінде ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын, яғни 5 950 теңге мөлшерінде төлейді.
Салық есептілігін табыс ету тоқтатыла тұрған жағдайда, ҚР салық заңнамасына сәйкес кәсіпкер ЖК ретінде МӘМС-ке жарна төлеуге міндетті емес.
№7 сұрақ: ЖК-ге МӘМС жарналарын төлемегені үшін өсімпұл салынады ма?
МӘМС бойынша ЖК-де қарыз болса, оны өтеуге болады. Бірақ төлем күнін қосқанда кешіктірілген әрбір күн үшін қайта қаржыландырудың 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл алынады.
Өсімпұлды болдырмау үшін ЖК жалдамалы жұмысшылар үшін жарналар мен аударымдарды уақтылы төлеуі керек. Есепті кезеңнен кешіктірмей, яғни кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей беру керек.
№8 сұрақ: медициналық сақтандыру қорына жарналар және (немесе) аударымдар төлеуден жалтарған жағдайда қандай шаралар қабылданады?
Салық комитеті аударымдар мен жарналардың уақтылы және толық есептелуіне және аударылуына бақылау жүргізеді. Егер дара кәсіпкер жарналарды және (немесе) аударымдарды төлеуден жалтарса, онда ол ӘҚБтК-нің 92-1-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылықта болады.
Айта кетейік, МӘМС жарналарын және (немесе) аударымдарын төлеу кезінде жеке кәсіпкер қаражатты қайтармау үшін алушының ЖСН және ТАӘ дұрыс көрсету; 2-3 жұмыс күні ішінде қаражаттың қайтарылуын тексеріп, егер қайтару болса, онда дұрыс ақпаратты көрсете отырып, төлемді қайтадан жүргізу; есепті кезеңнен кешіктірмей салық органдарына есептілікті дайындау және тапсыру; МӘМС-ке төлемді аудару туралы өз қызметкерлерін хабардар ету керек.
Медициналық көмек көрсету сапасына қатысты сұрақтарды емханада пациенттерді қолдау қызметіне, fms.kz ресми сайты, telegram-бот, +7(7182)70-41-23, 70-41-24, 70-41-25 немесе WhatsApp желісінде +7(707)559-46-50 нөмірі арқылы қоюға болады.
Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеріп, «Медициналық қызметтер және МӘМС бойынша аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы төленген төлемдер туралы egov.kz электрондық үкімет сайтынан «Денсаулық сақтау» бөлімінде білуге болады.