Ертіс өзені арқылы өтетін көпірде жөндеу басталды

Ертіс өзені арқылы өтетін көпірде жөндеу басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстарын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мердігер мекемесі атқарады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ертіс өзені арқылы өтетін автокөлік көпірінде жөндеу жұмыстары үш күнге созылады. Жалпы ұзындығы шамамен 700 метр жол бөлігі жөнделеді. 

–  Жөндеу кезінде жеңіл автокөліктердің қозғалысы шектеледі. Көлік қозғалысы Кенжекөл ауылы арқылы бағытталады. Ал қоғамдық көлік кестесі өзгеріссіз сақталып, көпірде кептеліс пен қолайсыздық туындамауы үшін бұрынғы бағытымен қатынай береді, – дейді қала әкімі Хасар Хабылбеков. 

Бұл шаралар жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарының жайлылығын арттыруға бағытталған.

Айта кетерлігі, көпір арқылы күн сайын 10 мыңнан астам түрлі көлік өтеді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жол жабынының ең көп зақымданған бөлігінде жүргізіледі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)