Жұма күні Павлодар облысында аптап ыстық сақталады

Түнде +17...+22, күндіз +28...+33 градус болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, 20 маусым күні облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 метрді құрайды.
Павлодар қаласында сынап бағанасы түнде +17..+19, күндіз +30..+32 градус көрсетеді.