Павлодарда дін қызметкерлері аттестация тапсырды
Облыс бойынша 30-ға жуық діни қызметкер емтихан тапсырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, қатысушылар А, В, С санаты бойынша үш топқа бөлінді. Бірінші кезекте компьютер арқылы тест, екінші кезекте ауызша емтихан алынды.
Дін қызметкерлеріне аттестация өткізу үшін ҚМДБ-ның арнайы комиссиясы Павлодар облысына келді.
ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Бакемелұлы аттестация өткізу комиссиясының төрағасы, ҚМДБ дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет және діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов мүшелері болды.