Павлодар облысында Сілеті өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізілді

Бұл Шолақсор ауылында су басу қаупін азайту үшін жасалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Ақтоғай ауданының Сілеті өзенінде мұзды жару жұмыстарын жүргізді.
Бұл өзен үш облыстың аумағында ағып өтеді: Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан. Өзенде жарылыстар жүргізу кезінде өткізу қабілеті артады, бұл өзен арнасы Шолақсор ауылын өтіп, су басу қаупін азайтуға ықпал ететін болады.
Жұмыстар өзеннің тарылуының төрт учаскесінде жалпы ауданы 1154 шаршы метр аумақта жүргізілді. 144 келі жарылғыш зат пайдаланылды.
Қазіргі уақытта осы өзенде құтқарушылардың жедел тобы мұзды кезеңінде оны әлсірету мақсатында мұзды ұсақтау және кесу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда.
Бұл іс-шаралар көктемгі су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған.
Жарылыс жұмыстары облыс әкімі бекіткен инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес жүргізілді. Оны әзірлеу кезінде өткен жылдардағы су тасқынына жүргізілген талдау, климаттық болжамдар, сондай-ақ өңір аймағының ерекшеліктері ескерілді.