Жұма күні Павлодар облысында күн ыстық болады

Жұма күні Павлодар облысында күн ыстық болады
Фото: Константин Шелков

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше,5 мамыр күні аздаған бұлт шығады. Онтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 5-10 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 22-24  градус көрсетеді. 

Ауқымды антициклон әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Алайда Оңтүстік циклон және оған байланысты фронттардың жүріп өтуімен елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.

Кей уақытта қатты жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысы пен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, шаңды дауыл соғады, оңтүстік-батыста тұман түседі.