Павлодарда ыстық су қашан берілетіні белгілі болды
Желіде анықталған зақымдар 10 маусымға дейін жойылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов Instagram-да өткізген түнгі тікелей эфирі кезінде мәлімдеді.
- Жылу желілерінде гидравликалық сынақтар жалғасуда. Барлық анықталған зақымдар 10 маусымға дейін жойылады. Бұл соңғы мерзім, - деді Асайын Байханов.
Ол сондай-ақ Павлодарда 1500-ге жуық көппәтерлі тұрғын үй бар екенін, оның 1450-і 5 маусымға дейін ыстық суға қосылатынын айтты.
Айта кетелік, тікелей эфирді 400-ге жуық павлодарлық тамашалады. Тұрғындар аймақ басшысына түрлі сала бойынша сұрақтарын қойды. Әсіресе, бұқараны тұрғын үй кезегі, жол мәселесі мен Екібастұздағы жылудың жайы қызықтырды.