Павлодар облысында қияр бағасы қымбаттады
Бұл көкөністің бағасы 52,4%-ға өскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірлік статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, азық-түлік тауарлары тобында май және тоң май бағасы – 8,8%-ға, сүт өнімдері – 2%-ға, кондитер өнімдері 0,6%-ға қымбаттады. Бұл ретте қант бағасының – 2,6%-ға, жұмыртқа – 1,5%-ға, қарақұмық жармасының 0,5%-ға арзандауы байқалды.
– Көкөністер мен жемістерден жемістер арасында қиярлар бағасы – 52,4%-ға, қызанақтар – 34,8%-ға, ақ қауынды қырыққабат және пияз – 18,8%-ға, картоп – 7%-ға, алма – 2,5%-ға, қызылша – 1,1%-ға қымбаттады, ал сәбіз бағасы 9,5%-ға арзандады, – деп жазылған хабарламада.
Азық-түлік емес тауарлардың бағасы бойынша зергерлік бұйымдар және сағаттар – 7,3%-ға, автомобильдер – 1%-ға, фармацевтикалық өнімдер – 0,4%-ға, бензин – 0,3%-ға, киім және аяқкиім бағасы 0,1%-ға өскен.
Ақылы қызметтер бойынша ыстық су – 19,3%, орталықтан жылыту 9,2%-ға қымбаттаған.