Қабырғалар дірілдейді: Павлодарда музыка әуесқойлары көршілердің мазасын алды

Қабырғалар дірілдейді: Павлодарда музыка әуесқойлары көршілердің мазасын алды
Фото:pixabay.com/InspiredImages

Құқық бұзушы бұдан былай мұндай кеш уақытта музыка тыңдамаймын деп уәде берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, түнгі сағат 02:41-де «102» операторының пультіне Назарбаев даңғылы бойындағы үйдің тұрғыны қоңырау шалды.

– Көршілер дыбыс күшейткіштерін пайдаланып музыка тыңдайды. Шудан тіпті қабырғалар дірілдейді. Мен олармен демалу құқығы үшін күресуге көп уақыт жұмсаймын. Алдымен мен түнгі музыка әуесқойларымен ұзақ әңгімелестім. Олардан өтініп сұрадым, ұрсып та айттым, соңында сіздерге жүгінуге тура келді, – деді полицияға қоңырау шалған әйел. 

Полицейлер анықтағандай, осындай шу бір ай бойы әр түн қайталанды. «Музыка әуесқойына» қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. 

Тәртіп сақшылары атап өткендей, павлодарлықтар ұйқы құқығы үшін күресте полицияға жиі қоңырау шалуда. Айта кетейік, биылғы жылдың басынан бері полицейлер 4029 тыныштықты бұзғандарды жауапқа тартты.

Полиция заңға сәйкес жұмыс күндері сағат 09:00-ден  22:00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін шу шығаруға болмайтынын еске салады. 

Пәтерлерде ғана емес, кіреберістерде, аулаларда, балабақшалар, интернат үйлері, ауруханалар, санаторийлер, қонақ үйлер мен жатақханалар аумағында шу шығаруға тыйым салынады. Сондай-ақ, тыныштық туралы заң автомобильдің дабыл дыбыстарымен немесе көліктегі қатты музыкамен де бұзылады.