Ғылым және жоғары білім вице-министрі павлодарлық оқытушылармен кездесті

Ғылым және жоғары білім вице-министрі  павлодарлық оқытушылармен кездесті

Кездесу барысында  ғылым, білім жайлы және студент грантының өтелуі жайлы сұрақтар қойды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жиын барысында министрдің орынбасары  ел бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта іске асатын бастамалар жайында баяндады.  Сонымен қатар, жоғары білім беру басымдылықтарына тоқталды. Жоғары білімнің қолжетімділігі, озық кадрларді қамтамасыз ету жайында сөз етті. 

Бұдан бөлек вице-министрге өңірдегі жоғары оқу орындарының оқытушылары сауал қоюға мүмкіндік алды. 

Инновациялық Еуразия университетінің доценті, PhD ғылымдарының докторы Жанетта Исаева жастардың ғылымға беи алуы жайында ойын ортаға салды.

- Жас ғалымдар кеңесінің ортақ сайты немесе орталығы болуы қажет.  Сонымен қатар жас ғалымдардың жасын 35-тен жоғары  болса. Тағы бір атап өтетін дүние докторантура бойынша түсу бағыттарын кеңейтіп, қабылдау құжаттарын қарастыруды ұсынамын. Оның ішінде ғылыми дәрежесін алғаннан кейін 5 жыл көлемінде ғана оқуға түсу, мерзімін создыру мәселесі бізді қатты мазалайды. Әрине, 30 жасқа дейінгі жас ғалымдар бар. Сонымен, жыл сайын гранттарға өтінім береміз. Бізге еш себепсіз бас тартады. Биыл Инновациялық Еуразия университеті арқылы құжаттарды тапсыруды жоспарлап отырмын. Қазақстан бойынша біртұтас ақпарат пен ілгерлеу болуы үшін жауапты тұлғаларды білгім келеді. Мысалы, мен «Болашақ» бағдарламасының стипендиантымын.  Мессенджерде бөлек топ бар. Онда сұрақтар мен мәселелерді талқылаймыз. Күні бүгінге дейн жиған тәжірибеммен  университетті енді  бітірген түлектермен  бөліскім келеді. Докторантура бойынша қорғаудан кейін 5 жыл көрсетіледі. Сондай-ақ, ғылыми жетекші сәйкес келуі керек. Менде сәйкес келмейді. Мамандық  бағытын  кеңейтуді ұсынамын,– деді ол.

         Бұл тарапта Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Акатов алдағы уақытта мәселені назарға алатынын айтты. 

Оның айтуынша, әкімдіктер мен бизнес құрылымдардың жоғары оқу орындарының күш-жігерін стратегиялық шоғырландыру мақсатында «Мамандығым болашағым»  жобасы әзірленіп, іске қосылады. 

– Жұмысты ұйымдастыру және қажетті қаржыландыру қазірдің өзінде кепілге қойылған. 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру көзделеді. Жобаға қатысушы 20 жоғары оқу орындарының тізімі жасалды. Бүгінгі таңда бұл жоба Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстары мен Астана қаласында іске асырылуда. Осы бастамалардың барлығын кәсіби біліктілік туралы заң аясында заңнамалық тұрғыда бекіту жоспарда. Нәтижесінде 20 өңірлік қажеттілік картасы әзірленеді . 1 млн оқушы кәсіби диагностикамен қамтылмақ. Әр өңірде сұранысқа ие кәсіпті, дағдыларды анықтау бойынша ЖОО оқытушыларына арналған сессиялар өтпек,– деді Камиль Акатов.

Сондай-ақ, ол министрлік қызметінің маңызды бағыттарының бірі- тіл саясаты екенін атап өтті. Өткен жылы мемлекеттік тілді дамыту аясында бірқатар шаралар өткізілген. Қазақ  тілінде  20 оқулық  жарық көрген.

        Фото:Аяулым Толегенова