Павлодарда нөмірсіз скутер айдаған мас жүргізуші жазаланды

Павлодарда нөмірсіз скутер айдаған мас жүргізуші жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өткен түнде полицейлер күдік тудырған көлікті байқап, тоқтатқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Құжаттарды тексеру барысында скутерде тіркеу нөмірлері жоқ екені және жүргізушінің мас екені анықталды. Медициналық куәландыру жүргізіліп, оның алкогольдік мас күйде болғаны расталды.

Құқықбұзушы полиция бөліміне жеткізіліп, оған нөмірсіз көлік басқару және мас күйде жүргізу фактілері бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Полиция қызметкерлері кез келген көлікті мас күйде басқару – жүргізушінің де, жолдағы басқа адамдардың да өміріне қауіп төндіретін ауыр құқықбұзушылық екенін ескертеді.