Екібастұзда бастауыш сынып оқушылары қашықтықтан оқиды

Екібастұзда бастауыш сынып оқушылары қашықтықтан оқиды
Фото: Константин Шелков

Бұған себеп – ауа райының қолайсыздығы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласы білім бөлімінің мәліметінше, 21 желтоқсан күні екінші ауысымдағы 1-4-сынып оқушылары қашықтықтан оқу форматына ауыстырылды.

Ал Ақсу мен Павлодар қалаларындағы екінші ауысым оқушылары толығымен штатты режимде оқымақ.