ҚР ҰҚК Академиясының курсанты өзіне қол салды

ҚР ҰҚК Академиясының курсанты өзіне қол салды

30 сәур күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының жатақханасында 3-ші курс курсантының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, курсант өзіне қол салған.

Қазіргі таңда Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Марқұмның отбасы мүшелеріне қажетті қолдау көрсетілуде», - делінген хабарламада.