11 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Ауа температурасы түнде +13..+18, күндіз +18..+23 градус ыстық болады, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың оңтүстік, шығысында жауын, облыстың оңтүстік-шығысында кейде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м / с құрайды.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +21...+23 градус ыстық болады.