Павлодарда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ерекше жоба іске асуда
Оның мақсаты өңірдегі инклюзивті қоғамды дамыту, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Біз біргеміз» жобасы «Самал» Оңалту орталығы» мүгедектер ҚБ-нің бастамасымен ағымдағы жылдың наурыз- қараша айларында іске асады.
- Жобаның мақсаты - кез келген жастағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау білдіре отырып, оларға қоғамда өз орнын табу үшін психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан демеу болу. Жалпы жобаның екі басты міндеті бар. Оның біріншісі, қызмет жасау үшін барлық жағдаймен қамтамасыз ету, білікті қызметкерлерді, сарапшыларды, кеңесшілерді, серіктестерді тарту болса, екіншісі мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қолдау қызметтерін құру, - делінген хабарламада.
Нәтижесінде мүгедек адамдардың қалыпты дамуына, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасалмақ.
Бүгінгі күнге дейін жоба өзінің оң нәтижесін беріп те үлгерген. Мәселен, бенефициарларға әртүрлі мәселелер бойынша кемінде 20 консультациялық қызмет көрсетілді. Әрі қоғамға бейімделген бенефициарлардың кем дегенде 5 сәтті тарихы құрылып, тағы 20 қатусышуның білімі жетілдіріліп, 5 адам жұмыспен қамтылды.
Айта кетелік, жоба жыл соңына дейін жалғасын табады