Көше музыканттары Павлодардың бас сахнасында өнер көрсете алады
Ол үшін іріктеу сынынан өтуі керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ағымдағы жылдың 29 шілдесіне дейін Павлодар облысының жастары арасында көше әншілері, бишілері және басқа да таланттардың қатысуымен өтетін өнерпаздар байқауына өтінімдер қабылдануда. 14 пен 35 жас аралығындағы жастар өз өнерлерін көрсете алады.
Дарындар байқауы екі кезеңде өтіп, үш номинациядан тұрады:
- Вокалдық жанр – жеке, дуэт, ансамбль.
- Би жанры – жеке, топтық: эстрадалық, модерн, классикалық, және халық билері.
- Аспаптық жанр – жеке, ансамбль.
– Біздің басты мақсатымыз – жастарды компьютерден алшақтатып, пайдалы дүниелермен айналысуға шақыру. Өсіп келе жатқан таланттарды қолдауға және олардың өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндік беруге тырысамыз, – деді «New Vision Team» қоғамдық қорыда.
Қатысушылар Ertis Promenade сахнасында соңғы нөмірін көрсетеді. Егер қатысушы финалдық қойылымға және марапаттау рәсіміне келе алмаса, оның орнына басқа адам алынады.
Қорытынды ұпайлар негізінде 1, 2 және 3-орынға үміткерлер анықталмақ. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болады.
Толтырылған нысандарды nvt_kz@mail.ru поштасына жіберу керек. Толық ақпаратты What's app 87051902110 нөмірінен алуға болады.