2 қыркүйекте Павлодар облысында жаңбыр жауады

2 қыркүйекте Павлодар облысында жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +5...+10°C, облыстың батысы мен солтүстігінде +2°C, күндіз +12...+17°C көрсетеді. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.  

Павлодарда сынап бағанасы түнде +6...+8°C, күндіз +14...+16°C құрайды. Күн бұлттанып, жауын-шашын жауады.