Асайын Байханов ақсулықтарды қала күнімен құттықтады

Асайын Байханов ақсулықтарды қала күнімен құттықтады

Бүгін металлургтер шаһарында қала күні тойлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қала күнімен аймақ басшысы Instagram парақшасында құттықтады.


- Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары, сіздерді қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ақсу шаһарының тарихы тек оқиғаларға ғана емес, сонымен қатар өзінің керемет адамдарына да бай.
Осы мереке күні қала тұрғындарына жасампаз еңбектеріңіз бен өңір өміріне белсенді ат салысып жатқандарыңыз үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді,- деді Асайын Байханов.


Қазақстанның моноқалалары арасында Ақсу жоғары әлеуетке ие екенін атап өтті.


- Қала құраушы кәсіпорны - Ақсу ферроқорытпа зауытында 6 500-ден астам тұрғын жұмыс істейді және зауытта жұмыс істемейтін қандай да бір отбасысыз елестету қиын. Балқытушыларды, тау-кен, құю және кран машинистерін, ферроқорытпа тазалаушыларды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын.
Сіздер ерен еңбектеріңіз арқылы - саланың дамуына және туған Ақсу қаласының өркендеуіне әрдайым үлес қоса берулеріңізге тілектеспін.
Ақсу шаһарының барша тұрғындарына зор денсаулық, бақыт және отбасыларыңызға амандық тілеймін,-деп қорытындылады әкім.