4 маусымда Павлодар облысында жаңбыр жауады

4 маусымда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Күн күркірейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды. 

Батыста, оңтүстікте ауа температурасы түнде +10...+15°C, күндіз +17..+22°C, облыстың оңтүстігінде +25 °C болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты болады, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. 

Сынап бағанасы түнде +11..+13, күндіз +18..+20°C көрсетеді.