Ұлттық музыкалық аспабымызды әлемдік қауымдастық мойындаған
Домбыра ЮНЕСКО шешімімен әлемдік қауымдастық мойындаған мәдени мұра болып табылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Ұлттық домбыра күні қазақ музыка мәдениетінің символына, халқымыздың рухани қазынасы, қасиеті болып саналатын домбыра күніне арналған. Оның таңғажайып үні дүниеге келген сәттен бастап әрбіріміздің жүрегімізде. Осынау айтулы күні шабыт, амандық, баянды бақыт тілейміз! – деп жазылған Павлодар облысы әкімдігінің ресми парақшасында.
Естай Беркімбаев, Иса Байзақов, Құдайберген Әлсейітов, Қамар Қасымов, Рүстембек Омаров сынды жерлестеріміз, қазақ даласының ұлы мәдениет қайраткерлері домбырада шебер ойнаған.
Домбыра ғасырлар бойы халықтың ішкі жан дүниесін ашып, ойларын, қуаныштары мен қайғыларын жеткізуге көмектесті.