Екібастұзда көпқабатты үйлерге жылу қашан беріледі?

Қаланы жылуға қосу кезең-кезеңімен жүзеге асады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин Instagram парақшасында мәлімдегендей, Екібастұзда жылыту маусымы 10 қыркүйекте басталды.
Алдымен әлеуметтік нысандар жылумен қамтамасыз етіле бастады. 15 қыркүйектен бастап жеке сектор үйлеріне, ал 20 қыркүйектен бастап көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріледі.
Аян Бейсекин жылыту маусымының басталуы мен өтуі облыс әкімінің және өзінің жеке бақылауында екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйектен бастап Павлодарда да жылыту маусымы басталған болатын.