Павлодарлық онкодиспансерде ашық есік күні өтеді
Дәрігерлер тұрғындарға рентген мен өкпенің төмен дозалы компьютерлік томографиясын жасайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
3 тамызда сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін облыстық онкологиялық диспансерде өкпе обырының алдын алуға және ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтеді.
– Сіздерді денсаулығыңызға уақыт бөлуге және онкологиялық диспансер мамандарының кеңесін тегін және алдын ала жазылмай-ақ өтуге шақырамыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет, – делінген хабарламада.
Ашық есік күні Российская көшесі, 57/3 құрылыс, А корпусы мекенжайында өтеді. Байланыс телефоны: 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98.