Астанада Алтын Орда мұрасына арналған халықаралық симпозиум өтеді
Іс-шараға 300-ден астам халықаралық қатысушы қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мамырдың 19-20 күндері елордада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық конференциясы ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады. Аталған іс-шара Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмасын жүзеге асыру аясында өткізілмек. Симпозиум Қазақстанның ұлттық бірегейлігін нығайтуға және елімізді Алтын Орданың құқықтық мұрагерлерінің бірі ретінде халықаралық деңгейде танытуға бағытталған.
Сонымен қатар, ғылыми жиын Ұлы Дала дәуірін зерттеу саласындағы Қазақстанның беделін арттыруға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, симпозиумға 350-ден астам делегат қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың қатарында халықаралық ұйымдардың өкілдері, шетелдік беделді ғалымдар және отандық тарихшылар бар.
Айта кетейік, жуырда Батыс Қазақстан өңірінің ғалымдары Алтын Орда кезеңіне тиесілі жаңа археологиялық нысандарды анықтаған болатын.