Павлодарда мас күйде көлік басқарған астаналық жазаланды

Павлодарда мас күйде көлік басқарған астаналық жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар -Успенка автожолында, Заңғар мен Ефремовка ауылдарының арасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Mitsubishi Carisma автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде Астана қаласының 31 жастағы тұрғыны болған.

– Тексеру барысында жүргізушінің жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде көлік басқарғаны анықталды. Бұл медициналық куәландыру нәтижелерімен расталды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл азамат 2023 жылы көлік құралын басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айырылған.