Медициналық көмек: павлодарлықтарды ашық есікке шақырады

Медициналық көмек: павлодарлықтарды ашық есікке шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мұнда тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтың жауабын таба алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

7 қарашада Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтеді. Оған өңірдегі  медициналық ұйымдардың басшыларына арнайы қатысады.

Іс-шараның мақсаты – медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, тұрғындармен ашық диалог орнату және азаматтардың өтініштерін жедел қарау.

Қабылдау 7 қараша күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өтеді.

Тұрғындар төмендегі мекенжайларда медициналық ұйымдардың басшыларына өз сұрақтарын қойып, жауап ала алады:

Павлодар қаласы: Естай атындағы мәдениет сарайы, Конституция алаңы, 1.

Ақсу қаласы: қалалық аурухана (емхана), Ленин көшесі, 31.

Екібастұз қаласы: «Өнер» қалалық мәдениет сарайы, М. Әуезов көшесі, 149.

Ұйымдастырушылар тұрғындарды өздерін толғандырған денсаулық сақтау мәселелері бойынша қабылдауға келіп, қажетті ақпаратты тікелей мамандардан алуға шақырады.