Павлодарда пленкаға түсірілген фотосуреттер көрмесі ашылады

Павлодарда пленкаға түсірілген фотосуреттер көрмесі ашылады
Фото: pexels.com / Luriko Yamaguchi

Көрмеде Қазақстанның әр қаласынан келген жеті фотографтың жұмыстары ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың мәліметінше, 10 қарашада қаладағы «Айна» галереясында «Плёночный Казахстан» фотокөрмесінің ашылуы өтеді.

Экспозицияда еліміздің әртүрлі қаласынан келген жеті автордың аналогтық фотоаппаратпен түсірген жұмыстары қойылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме фотография арқылы қоршаған ортаға өзгеше көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Авторлар өз жұмыстарында күнделікті өмірдің ерекше сәттерін көрсетіп, әртүрлі шығармашылық тәсілдерді ұштастырады.

Көрмеге Алексей Чернышёв, Ильяс Кенжин, Дарья Звонова, Анастасия Новосёлова, Иван Петров, Ольга Тихонская және Владимир Матвеев қатысады.

Іс-шара 10 қараша күні сағат 11:00-де Академик Сәтбаев көшесі, 104 мекенжайындағы «Айна» галереясында өтеді. Кіру тегін.