Биыл Павлодар облысында қанша қандас өңірлік квотаға кірді?

Биыл Павлодар облысында қанша қандас өңірлік квотаға кірді?
Фото: pixabay.com/ivabalk

Павлодар облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Дәурен Жамбайбектің төрағалығымен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөнінде кезекті комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кезекті отырыста екі мәселе қаралды. Сұрақтар бойынша облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Самал Қадырова жан-жақты ақпарат берді.

Комиссия мүшелері ақпаратты тындап, дауыс беру арқылы бірқатар шешім қабылдады. Шетелдерден көшіп келіп, қандас мәртебесін алуға «Migration.enbek.kz» сайт арқылы өтініші берген 28 отбасынан 52 кандасқа қандас мәртебесін беруді бірауыздан қолдап, дауыс берді. Олар: Түркіменстан елінен 7 отбасынан 19 адам, Өзбекстан елінен келген бес отбасынан 16 адам, Қытайдан төрт отбасынан алты адам, Моңғолиядан үш отбасынан бес адам, Ресей федерациясынан үш отбасынан бес адам. 

–  Шетелдерден көшіп келіп, тұрақты тіркеуге тұрған, қандас мәртебесін алып, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге ХҚКО және «Migration.enbek.kz» сайт арқылы өтініші берген 16 отбасынан 56 қандас, жалғызбасты келген 16 адамның өтініштері қаралып, барлығын өңірлік квотаға енгізу туралы шешім шығарылды, – деді «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ-нің Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметінде. 

2025 жылы 4 маусымдағы жағдай бойынша облыстық комиссияның шешімен 94 отбасынан 422 адам, оның ішінде жалғызбасты келген 55 қандас өңірлік квотаға кірді.

Айта кетерлігі, қандастарды қабылдау өңірлік квотасына кірген қандастар мемлекет тарапынан берілетін қаражатты алу үшін қосымша қажетті құжаттарын «Migration.enbek.kz» сайты арқылы тапсыра бастайды.