Павлодарда сұлулық салонындағы жанжал бойынша полиция тергеу бастады

Павлодарда сұлулық салонындағы жанжал бойынша полиция тергеу бастады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәртіп сақшылары жанжалдың мән-жайы мен себептерін анықтауда, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz. тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін Павлодар полициясы сұлулық салонында болған төбелестің мән-жайын анықтауға кірісті. Құқық қорғау органдары жанжалға қатысушыларды полиция бөліміне жеткізді. 109-1 бап – ұрып-соғу бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға туралы бейнематериал Kozachkov offside Telegram-арнасында жарияланған болатын. Кадрлардан шаштараз салонының ішінде екі әйелдің арасында дау туындағаны байқалады.

Бейнежазбада шебер клиенттің шашын кептіріп жатқан сәтте, жанында тұрған басқа әйелмен арада дау өрши түседі. Бірнеше секундтан кейін клиент орнынан атып тұрып, қарсы алдындағы әйелге қол жұмсайды – бетінен ұрып, шашынан тартып жерге құлатады. Салон қызметкерлері екеуін ажыратуға тырысып, жағдайды әрең бақылауға алады.

Павлодар облыстық полиция департаменті жанжалға қатысты процессуалдық шешім қабылданатынын мәлімдеді. Оқиғаның нақты себебі мен қатысушылардың жауапкершілік деңгейі тергеу барысында анықталатын болады.

Құқық қорғау органдары азаматтарға зорлық-зомбылық жағдайына куә болғанда немесе құрбан болған жағдайда бірден 102 нөміріне немесе «Police 102» мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға кеңес береді.