Екібастұзда табын жылқының иесіне айыппұл салынды

Екібастұзда табын жылқының иесіне айыппұл салынды
Фото: pixabay.com

Жануарлар жолда жайылып жүрген, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері автокөліктердің жануарлармен соқтығысуының алдын алу үшін малдың еркін жайылуына жол бермеу бойынша халықтың арасында ақпараттық жұмыс жүргізеді. Қаңғыбас мал – көлік қозғалысына үлкен кедергі. Соққылар салдарынан көбінесе жүргізушілер мен жолаушылар жарақат алады.

– Екібастұз - Стелла автожолында жылқылар жүргені туралы шақыру түсті. Атамекен кентінің бағытындағы көпірдің ар жағында жүру бөлігінде жылқы табыны жайылған. Полиция хабарламалар бойынша иелерін анықтады. Олар ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды, – деді департаментте.

Полиция мал иелерінің салғырттығы көбінесе қайғылы салдарға әкелетінін еске салады. Мал көбінесе жол-көлік оқиғаларына, сондай-ақ зиянкестердің қылмыстық әрекетінің объектісіне айналады.