Павлодарлық жасөспірімдерге ерте жүкті болып қалмаудың амалдары айтылды
Дәрігерлер түсіндіру жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірде облыс бойынша 21 қыз бала диспансерлік есепте тұр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2023 жылы 54 жүкті жасөспірім болған.
Ведомствода 16 жастағы аудан тұрғынын анасы акушер-гинекологтың қабылдауына әкелген бір жағдайды еске алды. Жасөспірім тіркеуге алынған. Жүктілігінің 39 аптасында облыстық перинаталдық орталықта салмағы 3496 грамм, бойы 53 сантиметр ұл баланы дүниеге келді.
Сондай-ақ басқармада облыста балалар мен жасөспірімдер гинекологиялық қызметін жақсартудың жол картасы барын, штаттан тыс бас гинеколог тағайындалғанын, емханаларда балалар гинекологының кабинеттері барын жеткізді.
Облыстық балалар ауруханасында қыздар мен жасөспірімдерге гинекологиялық көмек көрсету бойынша үйлестіру орталығы жұмыс істейді. Мектептерде дәрігерлер ерте жыныстық қатынастың алдын алу, түсік жасату, жеке бас гигиенасы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша әңгімелер жүргізіледі.
Жастар 10 жастан бастап денсаулық орталығында гинеколог, уролог, психолог, терапевт, дерматовенеролог, әлеуметтік қызметкерден жасырын түрде кеңес алуға мүмкіндік бар. Қажет болса, олар да тексеруге жолдама беріп, ем тағайындайды.
Естеріңізге сала кетейік, Ақсуда 15 жастағы оқушы қызды жүкті болып қалған 17 жастағы жасөспірімге қатысты қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.