Екібастұзда қазақ қыздар гимназиясының сыныбы үздік атанды

Екібастұзда  қазақ қыздар гимназиясының сыныбы үздік атанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Жыл сыныбы-2024» байқауына қала мектептерінің 25 сынып ұжымы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Байқау төрт кезеңнен тұрды. Балалар мен олардың сынып жетекшілері өздерінің үздік қасиеттері мен дағдыларын, бірлік, шығармашылық және оқу жетістіктерін көрсетті. 

Үздік сынып атағы үшін күресте оқушылар өздерін нағыз көшбасшылар ретінде және әлеуметтік белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті.

«Жыл сыныбы» байқауын жыл сайын «Қайнар» ББК-нің әдістемелік кабинеті өткізеді.

Жарыс қорытындысы бойынша Гран-при №25 қазақ қыздар гимназиясының 9 «Ә» сыныбына (сынып жетекшісі – Ментай Кобешова) берілді.

Бірінші дәрежелі дипломдармен №13 мектептің 5 «Б» сыныбы (сынып жетекшісі – Алтын Арынова), №5 мектептің 8 «Ә» сыныбы (сынып жетекшісі – Мәдина Арқалық), №28 мектептің 6 «Ә» сыныбы (сынып жетекшісі – Нұргүл Тоқтаған) марапатталды.