«Ертіс орманы» резерватының қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«Ертіс орманы» резерватының қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шалдай және Бесқарағай филиалдарының орман шаруашылықтары тексерілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өткен аптада инспекция мамандары 2025 жылға арналған ағаш кесу және таксация жұмыстарының сапасын тексеруді «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында жүргізді.

– Шалдай және Бесқарағай филиалдарының 16 орман шаруашылығының 11-і тексерілді. Нәтижесінде ағаштардың техникалық сапа санаттарын бөлу және орман кесу учаскелерінің шекараларын жергілікті жерлерде белгілеу бойынша бұзушылықтар анықталды, – деді инспекция мамандары. 

Айта кетерлігі, аталмыш бұзушылықтар үшін резерваттың жеті қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.