Хандар мен батырлар: Павлодар маңындағы екі ауылдың көшелеріне кімдердің есімдері берілді?

Хандар мен батырлар: Павлодар маңындағы екі ауылдың көшелеріне кімдердің есімдері берілді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Елді мекендердің әкімдері қол қойған жобалар «Ашық НҚА» порталында жария етілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар ауылы мен Ленин кентінің көшелерін қайта атау туралы ұсыныс ауыл тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, 23 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысының негізінде шығарылды. 

Жоба бойынша Павлодар ауылында –  жеті, ал Ленин кентінде 39 көшенің атауы өзгертілмек.

Павлодар ауылында келесі көшелердің атауларын ауыстырады:

Павлодар ауылының 50 лет КАЗ ССР көшесін – «Ұлы Дала» көшесіне;

Береговая көшесін – Ыбырай Алтынсарин көшесіне;

Вологодская көшесін – Бөгенбай батыр көшесіне;

Восточная көшесін – Жәнібек-Керей көшесіне;

Дорожная көшесін – Рахымжан Қошқарбаев көшесіне; 

Железнодорожная көшесін – Тайкелтір би  көшесіне;

Заводская көшесін – Қажымұқан көшесіне;

Клубная көшесін – Күлтегін көшесіне;

Қасым қажы көшесін – Исабек Ишан көшесіне; 

Мир көшесін – Бейбітшілік көшесіне;

Молодежная көшесін – Алтын Орда көшесіне; 

Новоселов көшесін – Шоң би көшесіне;

Озерная көшесін – Далакөл көшесіне;

Огородная көшесін – Дінмұхамед Қонаев көшесіне; 

Октябрьская көшесін – Тәуелсіздік көшесіне;

Омский тракт көшесін – Алаш Орда көшесіне;

Пионерская көшесін – Ер Еділ көшесіне;

Песчанная көшесін – Құмдыкөл көшесіне; 

Садовая көшесін – Мұқан қаған көшесіне;

Степная көшесін – Бауыржан Момышұлы көшесіне;

Строительная көшесін – Сұлтан Бейбарыс көшесіне;

Советская көшесін – Мәңгілік ел көшесіне;

Тепличная көшесін – Дешті Қыпшақ көшесіне;

Торговая көшесін – Қасым Қажы көшесіне;

Целинная көшесін – Торайғыр би көшесіне;

Школьная көшесін – Жұмабек Тәшенев көшесіне;

Юбилейная көшесін – Желтоқсан көшесіне;

Южная көшесін – Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне;

Солнечный тұйық көшесін – Шәкәрім тұйық көшесіне; 

Школьный тұйық көшесі – Лев Гумилев тұйық көшесіне; 

Северный тұйық көшесін – Көктем тұйық көшесіне;

Цветочный тұйық көшесін – Қағанат тұйық көшесіне; 

Дружбы тұйық көшесін – Шапағат тұйық көшесіне;

Лесхозный тұйық көшесі – Ақбеттау тұйық көшесіне; 

Молодежный тұйық көшесін  –  Жас тұлпар тұйық көшесіне;

Новый тұйық көшесін – Отырар тұйық көшесіне;

Комсомольский тұйық көшесін – Сауран тұйық көшесіне; 

Космонавтов тұйық көшесін – Ғабдылуахит Хазірет тұйық көшесіне;

Восточный тұйық көшесін – Жасыбай батыр тұйық көшесіне.

Ленин кентінде төменгідей көшелердің атауы өзгертілмек:

Комаров көшесін – Шәмші Қалдаяқов көшесіне;

Космонавтов көшесін  – Ғарышкер көшесіне;

Макаренко көшесін – Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне;

Шаталов көшесін  – Әбілқайыр Баймолдин көшесіне;

Водителя көшесін – Сығанақ көшесіне;

Западная көшесін – Тараз көшесіне;

Крылов көшесін – Алтын сақа көшесіне.   

Жобалар 15 желтоқсанға дейін ашық талқыланатын болады.