Еxit poll мәліметтері жарияланды
19 наурызда өткен мәжіліс және мәслихат сайлауының exit poll нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Демократия институты» зерттеу қауымдастығының сарапшылары жүргізген Exit-poll мәліметтері белгілі болды.
Сауалнама нәтижесі мынадай:
- «Аманат» партиясына – 53,33%,
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы үшін – 11,26%,
- Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы үшін – 8,87%,
- Қазақстан халық партиясы үшін – 6,93%,
- «Республика» партиясы үшін – 8,33%,
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия үшін – 5,12%,
- «Байтақ» қазақстандық жасыл партиясы үшін – 2,51%,
- Барлығына қарсы – 3,65%
СОЦИС-А кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының нәтижесі:
- Amanat партиясы - 54,42%;
- «Ауыл» партиясы - 10,21%;
- Respublica партиясы - 8,79%;
- «Ақ жол» партиясы - 8,21%;
- Қазақстанның халық партиясы - 6,89%;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 4,91%;
- «Байтақ» партиясы үшін - 2,17%;.
- «Бәріне қарсы» 4,40% дауыс берді.
Еуразиялық интеграция институты әлеуметтік зерттеулер департаментінің жетекші сарапшысы Әйгерім Ергенболатқызы «Сайлау-2023» онлайн марафоны кезінде exit poll нәтижелерін мәлімдеді.
- Amanat партиясы - 53,46 пайыз;
- Ауыл партиясы - 10,52 пайыз;
- Respublica партиясы - 8,9 пайыз;
- Қазақстанның халық партиясы - 6,25 пайыз;
- «Байтақ» жасылдар партиясы - 3,22 пайыз;
- «Ақжол» партиясы - 7,87 пайыз;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 5,31 пайыз;
- Бәріне қарсымын - 4,47 пайыз.
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.
Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.