Павлодарда музыкалық колледждің ғимаратының бірінші қабаты тұтанды
Оған қысқа тұйықталуы себеп болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға бүгін сағат 18:57-де болған.
- Торайғыров көшесі, 67 мекен-жайындағы музыкалық колледжінің ғимаратында яғни акт залының бірінші қабатынан түтін шықты. Түтіннің шығуына бірінші қабаттағы люминесцентті шамның жанбай қысқа тұйықталуы себеп болған, - делінген хабарламада.
Оқиға орнына 5 техника, 18 қызметкері тартылды.
Өрт сөндірушілер келген кезде ғимаратта ешкім болмаған. Әкімшіліктің айтуынша, ондағы адамдар өз бетінше эвакуацияланған.