Халықаралық ұйымдар Қазақстанда АЭС құрылысына қолдау көрсетеді

Халықаралық ұйымдар Қазақстанда АЭС құрылысына қолдау көрсетеді
Фото: pixabay.com / ulleo

Олар атом саласында 70 жылдан астам еңбек етіп келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

1994 жылы ақпанда Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке (МАГАТЭ) қосылды. Ол ұйымға мүше елдердің ядролық энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға көмектеседі, консультациялар береді және тренингтер жүргізеді.

Бізде құрылымдық әдістемелік тәсілге негізделген бағдарлама бар. Ол атом электр станциясын салу туралы шешім қабылданған сәттен бастап, оның басталуына дейін ел орындауға міндеттенетін 19 кезеңнен тұрады, – деп түсіндірді МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гросси. – Бұл саяси шешімнен станцияны іске қосуға дейінгі қадамдар. Біз бұл модельді Біріккен Араб Әмірліктерінде сәтті қолдандық. Атом энергетикасында тәжірибесі жоқ бұл ел он жылға жетер-жетпес уақытта төрт атом электр станциясын сала алды. Ал қазір олар осы елдегі барлық электр энергиясының 25 пайызын өндіреді.

Агенттік сарапшыларының пікірінше, Қазақстанда өзінің ядролық бағдарламасын іске қосу үшін қажетті негіз бар. Олар елдегі қауіпсіздік көрсеткіштеріне де оң баға берді.

Сіздерде атомдық бағдарламаны бастаған басқа елдерге қарағанда тәжірибе көп. Қазақстанда бұл үшін тарихи негіз бар. Республикада төмен байытылған уран банкі бар, оны нарықта қажет болған жағдайда немесе осы элемент жеткізілмеген жағдайда пайдалануға болады. Жалпы, атом электр станциясын салу туралы шешім қабылданса, Қазақстан өз тәжірибесінен ұтады. Бүкіл құрылыс процесі басқа елдерге қарағанда үйлестірілген және жылдам болуы мүмкін, – деп атап өтті Рафаэль Гросси.

Ол атомдық ғылым қоршаған ортаны, жұмысшылар мен қоғамды қорғау үшін көптеген нақты шараларды қажет ететінін айтты. МАГАТЭ-ге мүше елдер де, жаһандық деңгейдегі елдер де бұл мәселемен ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Демек, Қазақстанның бастамасын үлкен білімге ие халықаралық сарапшылар қолдайтын болады.